ТЖ

Төтенше жағдай туралы SMS-хабарлама

 

Ауа райының күрт өзгеруі туралы жедел мәліметті енді ел тұрғындары интернет пен жаңалықтардан өзге ұялы телефондарына жіберілген смс хабарламадан да біле алатын болды. Мәселен, кеше яғни жексенбі күні таңертең облыс аумағында секундына 20 метрге дейін жел соғуы мүмкін деген алғашқы ақпаратты “Кар-Тел”, “Кселл”, “Теле-2” ұялы байланысын пайдаланушылар алды. Енді, бұдан былай осындай хат-хабарламаны тұрғындар кез-келген уақытта алуы мүмкін. Хабар таратудың тың қызметі өңір тұрғындарының көңілінен шықты.

 

Әрине ауа райы туралы ақпарат хат-хабарлама арқылы келетіні жақсы болды. Өйткені ауа райы мың құбылып тұрады.

– Бұл жол жүретін адамдар үшін тиімді. Ауа райы күрт суытатынын білген тұрғындар ұзақ сапарға аттанбайтын болады.

 

Бүгінде ауа райы туралы мәліметке қатысты 14 шаблон дайындалған. Оның дені – теріскейдің құбылмалы ауа райында кездесетін күннің күрт суытуы, жел соғуы, көктайғақ сынды ақпарат. Смс қазақ және орыс тілдерінде жіберіледі.

 

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Ең алдымен ақпарат 112 пультіне келіп түседі. Одан кейін, ұялы байланыс операторлары өз тұтынушыларына смс-ті таратады. Осылайша біз қауіп-қатердің алдын аламыз. Бұл бәріне де тиімді деп ойлаймын.

 

Құтқарушылар алдағы уақытта басқа байланыс операторларымен де келісімге отырамыз дейді.

 

Бану Ахметова