Білім

Тас қалаушылар байқауы

 

Сергей Сульдин  – Петропавл құрылыс колледжінің 2 курс студенті. Дәнекерлеуші және тас қалаушы мамандығы бойынша оқитын ол таңдаған кәсібінің сұранысқа ие екендігін біледі.

 

Сергей Сульдин, Петропавл құрылыс колледжінің 2 курс студенті:

– Мамандығым қазіргі күні өте қажетті. Себебі айнала салынып жатқан үйлер, сауда орындары. Құрылысқа мамандар қажет. Біз теория мен практиканы қатар ұштастырамыз. Оқу орнында біздің сапалы білім ауымыз үшін бар жағдай жасалған.

 

Сайысқа қатысқан 6 студент 4 кезеңді бағындыруы қажет. Өзін-өзі таныстыру, берілген тест сұрақтарын шешу және сызба жасау. Ал сайыстың ең қызықты сәті – практикалық тапсырма. Онда қатысушылар берілген суреттегі нысанды қалауы қажет. Бұл тұста оларға оқу ордасында алған білімдері мен тәжірибе өз септігін тигізді. Жалпы бүгінгі таңда Петропавл құрылыс колледжінде 80-нен астам жасөспірім тас қалаушы мамандығын меңгеруде.

 

Тамара Янцен, Петропавл құрылыс колледжінің ұстазы:

-Біздің колледж кәсіпорындармен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Соның арқасында студенттеріміз оқу бітірісімен бірден жұмысқа орналасады. Оларға барлық деңгейлі білім жүйесін қамтитын теориялық және практикалық база беріледі.Жалпы қазіргі күні аталған мамандық үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі байқау студенттеріміздің қарым-қабілетін көрсетуге бағытталған.

 

Жалпы наурыз айынан өткізіліп келе жатқан «Мен өз ісімнің шеберімін» атты байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттап, оларға деген жастардың қызығушылығын ояту болып табылады. Сайыс қорытындысы бойынша 3-ші орынды Александр Бреков місе тұтса, 2-ші тұғырдан Роман Шишкин көрінді. Ал үздік болып Валерий Ефимов танылды. Жүлдегерлердің барлығы Петропавл құрылыс колледжінің студенттері.

 

Мағжан Ахмадина