Спорт

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында боулингтен қалалық сайыс өтті.

 

Мемлекеттік қызметшілер арасында боулингтан қалалық турнир алғаш рет өткізіл отыр. Өз бақтарын 12 команда сынауда. Әр құрамада 2 адамнан. Бірі нәзік жанды болуы керек. “Тұрғын үй инспекциясы” бөлімінің екі қызметкері де осында. Өзгелермен бірдей шар домалатып, кеглиді құлатып жүр.

 

Мөлдір Жетпісбаева, Петропавл қалалық “Тұрғын үй инспекциясы” бөлімінің заңгері:

– Бүгінгі турнирде жеңіске жететініме сенімдімін. Өзім боулинг ойнағанды жақсы көремін.

 

Ішкі саясат бөлімі де турнирде бақтарын сынауда. Олар осы сайыста жеңіске жететініне сенімді. Әзірге олар барынша қатарынан страйктарды соғып, ұпай жинап жатыр. Өйткені, кім көп ұпай жинаса, жеңіс сонікі. Сондықтан да ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Бағлан Жақан бас жүлдені алу үшін барымызды саламыз дейді.

 

Бағлан Жақан, Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы:

– Боулингті 4 жылдан бері ойнап жүрмін. Бүгін жеңіске жетемін деп ойлаймын. Ал, қарсыластарыма сәттілік тілеймін.

 

Қалалық турнирге барлығы 30-ға жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. Олар екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Жарыстың шарты бойынша тек 6 команда ғана ақтық сынға өте алды. Яғни, екі ойын көрсетеді.

 

Жанат Мұхаметғалиев, Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Салауатты өмір салтын насихаттауда мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайыстар жыл сайын өткізіліп отырады. Бұл жыл басынан ұйымдастырылған 6-шы қалалық турнир. Жарысқа қалалық әкімдіктің барлық бөлімдері қатысып отыр.

 

Жеңіске жеткендер диплом және кубоктармен марапатталды.

 

Бану Ахметова