Құқық қорғау органдары

Облыстық сот ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Өңіріміздегі соттар 9 айда 1455 қылмыстық іс қарап, оның 41,5 пайызына үкім шығарыпты. Жалпы көрсеткіштің 355 құжаты Петропавл қалалық сотында таразыланып, соңғы нүктесі қойылған.

 

Ербол Рахымбеков, СҚО қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы:

-Жауапқа тартылғандардың 32-сі кәмелеттік жасқа толмағандар. Олардың 6 бас бостандығынан айырылса, 4-і шартты түрде жазасын өтеуге кесілді. 18 жасөспірімнің еркіндігіне шектеу қойылса, үшеуіне тәрбиелеу амалдарын қолдану қажет деп үкім шығарылды. Екі жақтың өзара ымыраға келуіне байланысты 1 адамның ісі тоқтатылды.

 

Жауапқа тартылғандардың әр бесіншісі қылмысқа ащы судың кесірінен барған. Заң ешкімді бастан сипамайды. Оған 9 айда қаралған істердің 95,1 пайызына шығарылған үкімнің айғақты және заңды деп танылғандығы дәлел. Жыл басынан таразыға тартылған азаматтық істер саны 12956. Олардың 97,4 пайызына қойылған нүкте нақты, яғни қайта қарауға және талқылауға жатпайды. Әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты 12904 құжат сарапталып, олар бойынша шығарылған үкім 99,8 пайыз орынды деп есептеліпті. Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтеруің қажет. Брифингте кәсіпкерді қасақана атып өлтірген Амрулла Абдуллаевтың ісіне қатысты да тың мәліметтер айтылды.

 

Ербол Рахымбеков, СҚО қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы:

-Абдуллаевқа қатысты істі бұрмалау тұрғысында психиатрлар, ол қылмыс жасаған тұста ақылы дұрыс болмаған деп қорытынды жасаған. Алайда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот онымен келіспейтіндігін айтып, тексерісті қайта өткізу керектігін сұраған болатын. Сараптама оқиға орын алған кезде Абдуллавтың психикасы еш бұзылмағандығын дәлелдеп берді.

 

Сорт қарауында облыс орталығында орын алған бала ұрлау фактісі мен Қызылжар ауданының тұрғыны Евгений Копаның белгісіз өліміне қатысты әлі нүктесі қойылмаған тағы бірқатар атышулы істер бар. Ербол Рахымбеков сот отырыстары ашық өтеді, сондықтан оған кез-келген БАҚ өкілі қатыса алады деді.

 

Самат Есмағи