Мәдениет

Әлішер Кәрімовтың Петропавлдағы концерті

 

Қазақстанға танымал әншінің репертуарында бүгінде 50-ден астам ән жинақталған. Қазақша нақыштағы әуезді үнге басымдық берген Әлішердің бойында сазгерлік қасиеті де біте ұштасқан. Жүрек қылын қозғар әндердің тең жартысы көрерменге енді ғана жол тартқан жаңа туындылар. Солтүстікқазақстандықтар оның жеке шығармашылығымен көптен таныс.

 

–  Әлішер Кәрімовті “Суперстарға” қатысқаннан бері білеміз, жақсы көріп, тыңдап отырамыз. Жас әнші ретінде тілейтінім, өнер жолында биік шыңдардан көріне берсін.

– Мен өзім Оңтүстікте тұрамын. Әлішерді әндерін теледидар арқылы көптен танимын. Ал, жеке концертіне 1-ші келуім.

– Біз Әлішерді өте жақсы көреміз. Өнер жағы тек қана жемісті болсын. Бізге ылға келіп тұрсын. Біз жақсылықпен тосамыз.

 

Әлішер “Сүйемін сені” концертін махаббат, жастық жайлы әндерден бастағанды жөн санады. Көрерменнің ет-жүрегін елжірететін әуендер “Махаббатсыз өмір – өмір болар ма”, “Ай, ай өмір” , “Есімнен айрылғанша сүйемін сені” деп аталады.

Ұлты өзбек болса да, рухы қазақ Әлішер өз өнерінде шоқтығы биік халық әндеріне де орын берген.

Петропавлдықтар бұл кеште Қазақстан шоу-бизнесінде жаңадан танылып келе жатқан жас әнші Серік Ибрагимовтың да өнеріне тәнті болды.

 

Серік Ибрагимов, әнші:

Халық сүйіп тыңдайтын әр түрлі стильдегі әндерді орындай беремін. Өздеріңіз жаңа көрген боларсыздар. Манағы шырқаған әндерім қазақи нақыштан басталып, эстрадалық жанрмен аяталды.

 

Әлішер гастрольдік сапармен еліміздің барлық қалаларын аралап шығыпты. Оның алдағы жоспары да ауқымды.

 

Әлішер Кәрімов, әнші:

Қазақстанның қалаларын аралап жүрміз. 22 қала. Бүгін 16-шы концертіміз. “Менің елім, менің тілім” деген қайырымдылық акция біріншіден. Әрине де тілімізді насихаттап жүрміз. Екіншіден, бұл концерттен түскен ақшаны біз балалар үйіне жібереміз. Осы турнеден кейін Астанада үлкен баспасөз конференциясы болады. Қанша қаражат жинап, қай балалар үйіне жіберетінімізді сонда шешетін боламыз.

 

Берік Қасен