Құқық қорғау органдары

Ерлі-зайыптылардың ұрысы өліммен аяқталды

 

 

Жаралы ер адам “Жедел жәрдем” жеткенше жан тапсырған. Олар келгенде қасында әйел жылап отырыпты. 55 жастағы әйелдің айтуынша, 40-тағы көңілдесі екеуі марқұм туысының жылына барып келгеннен кейін ол тамақ істеуге кіріскен. Масайып алған еркек дөрекі сөздермен оның мазасын қашырған көрінеді. Шыдамы таусылған әйел қолындағы пышақты ашу үстінде отағасына сұғып алған.

Екеуі де жұмысбасты азаматтар, бұрын істі болған емес. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 96 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бұл бап бойынша 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Асхат Ахметбеков, Петропавл қаласы ІІБ аға тергеушісі :

-Жедел басқару орталығына пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адам жайында хабарлама сағат 18-де келіп түседі. Қазір күдікті уақытша ұстау абақтасына қамауға алынды.

 

Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық салада 26 қылмыстық тіркелген. Оның 5-уі – кісі өлтіру.

 

Данаш Хамзина