Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны еңсерілуге таяды

 

Ал Мағжан Жұмабаев ауданында әр гектардан 17 центнерден өнім жиналуда. Қызылжар ауданында 16,9 және Ғ.Мүсірепов ауданында диқандар гектар басынан 16,4 центнерден астық бастырып жатыр. Тимирязев ауданындағы гектар берекелігі ең төмен деңгейде қалып отыр – 11,1 центнер. Агроқұрылымдар келесі жылдық тұқым қорын толығымен дайындады. Осы күндері өңір диқандары майлы тұқымдастарды жинау жұмыстарын да аяқтауға жақын. Майлы тұқымдастар 367 жарым мың га жерден орылған, бұл алқаптардың 83,7 пайызы. Бастырылғаны – 241 мың га, орташа шығымдылық 12,5 центнерден айналуда.

 

Гүлмира Шоқтыбаева