Құқық қорғау органдары

Қару тапсыру акциясы

 

Үстіміздегі жылдың 1-ші қыркүйегінде бастау алған қару тапсыру акциясы қазанның 31-іне дейін жалғаспақ. Ерікті шара аясында тұрғындар атуға жарамды қарудан басқа, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды тапсыра алады.

 

Жомарт Абылаев, Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі басшысының орынбасары:

-Бүгінде ішкі істер органына түскен 242 өтініш қаралды. Тұрғындар мылтықтың 269 данасын, 1 мина мен 5 мыңнан астам оқ-дәрі тапсырды. Комиссияның шешімімен 43 материал қарастырылып, азаматтарға 1,5 миллион теңге қаржы төленетін болды.

 

Полиция бөлімшесіне тапсырылған қарулардың ішіндегі ең көнесі – Шпагин және 9-шы калибрлі “БОРЗ” тапанша-пулеметы. Солтүстікқазақстандықтар әлі де үйде заңсыз сақталған қаруды жергілікті ішкі істер органдарына тапсырып, орнына ақша ала алады. 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі өтемақы тұрғындардың жеке есепшотына аударылады. Есесіне заңсыз сақталған қаруды дер кезінде тапсыру

 

Берік Қасен, облыстық ІІД баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді