Ауыл шаруашылығы

Диқандар мәреге таяу

Астық шығымдылығы жөнінен М.Жұмабаев ауданы көш басында. Мұнда гектар берекелігі 16,7 центнерден айналуда. Ал облыс бойынша орташа өнімділік 14,6 центнерді құрады. Майлы тұқымдастар 349 мың га алқапта орылып, 211 мың гектары бастырылды. Оның шығымдылығы гектарынан 12,6 центнерден айналуда. Аймақ агроқұрылымдары келесі жылға 100 пайыз тұқым қорын әзірледі.

 

Мағжан Ахмадина