Аптадағы маңызды жаңалықтар

Әділет министрлігінің өкілі солтүстікқазақстандық қаржы полицейлерімен кездесті

 

 

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Бұл Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауының атауы. Ғасыр ортасына дейін жол сілтейтін басты құжатта егеменді еліміздің 2050 жылға дейінгі жүрер жолы айқындалып, басым бағыттар нақтыланып берілді. Оны жүзеге асыру сізбен біздің ортақ міндетіміз деп атап көрсетті қаржы полициясы департаменті мамандарымен жүздескен елордалық мейман.

 

Жанат Ешмағамбетов, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы:

-Елбасы жолдауын жүзеге асыруға ел болып атсалысуымыз керек. Басты құжаттағы негізгі басымдықтарды орындау үшін ел қазынасынан қыруар қаражат бөлініп отыр. Оның оңды-солды шашылмай, жолдаудағы міндеттерге тікелей бағытталуын қадағалау бірінші кезекте сіздердің міндеттеріңіз болуы шарт. Әр тиынның орынды жұмсалуы жарқын болашағымыздың кепілі. Осыған баса назар аударған дұрыс.

 

Еліміз егемендік алған күннен бастап қыруар іс тындырылды. Талай асуларды бағындырдық. Оған ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған “Қазақстан 2020” стратегиясы арқылы қол жеткізілді. Ал “Қазақстан 2050” стратегиясын жүзеге асыратын болсақ, бүгінгі өміріміз одан әрі де жақсара түсері сөзсіз. Ол үшін аянбай еңбек ету керек. Ал еңбектенген жанға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау бар.

Агроөнеркәсіп кешені – ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Елбасы оны одан әрі дамыту керектігін алға тартып, үкіметке ауылшаруашылығы саласын қаржылай қолдауды арттыру керектігін міндеттеген болатын. Оны астықты өлке халқы бүгінде айқын сезініп отыр.

 

Жанат Ешмағамбетов, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы:

-Сіздерге бірінші рет келуім емес. Халықпен кездесу барысында бұқараның жаңа жолдауды ыстық ықыласпен қабылдағанына көз жеткіздім. Бүгінде аграрлық сала қарқынды дамып, астық өсіруде озық технологиялар қолданылу үстінде. Мал басы да артып келеді. Оның бәрі Елбасының жолдауында кеңінен көрініс тапқан.

 

Ғасыр ортасына дейінгі жүрер жолды айқындап берген басты құжатта ұлт көшбасшысы алға қыруар міндеттер қойды. Оларды жұдырықтай жұмыла отырып орындасақ, әл ауқатымыз бұдан әрі жақсара түсері сөзсіз.

 

Самат Есмағи