Спорт

Солтүстікқазақстандық балуан Германияда өтетін Әлем кубогына қатысады

Сөйтіп спортшы ел құрамасына кірді. Енді ол қараша айында Германияда өтетін әлем кубогында бағын сынайтын болады. Төлеген байрақты додада ел намысын қорғауға СҚО атынан бара жатқан тұңғыш спортшы. Ал қазақ күресінен Қазақстан кубогы Талдықорған қаласында өтті. Онда өңір намысын 5 балуан қорғады. Сөйтіп, командалық есепте біздің жерлестеріміз 5-ші орыннан көрінді. Бұл өңір спортшылары үшін үлкен жетістік. Жеке 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Төлеген Жетпісбаев қана алтын алқаға ие болды.

 

Бану Ахметова