Балалар

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жастар ісі жөніндегі комитет өз жұмысын бастады

 

 

Жастар ісі жөніндегі комитет арнаулы орта және ЖОО-ы студенттерінің басын біріктіріп, олардың мәселелерін шешуге септеспек. Және мұнымен қатар, қоғамдық іс-шараларға кейінгі буынды тартып, жаңаша көзқарас қалыптастырмақ. Сонымен бірге, бос уақытын тиімді пайдаланамын деген жастарға арналған жоспар дайындалады.

 

Динара Мақсұтова, СҚО бойынша Қазақстан студенттер Альянсының төрайымы:

-Бұл комитеттің негізгі жоспары жастар бойындағы дарындылық қасиеттерін айқындап, ашу. Және жастар мәселесін шешу болып табылады. Біз СҚО бойынша студенттер Альянсы бұл комитет жастарымен бірігіп, әр түрлі шараларды ұйымдастырдық. Сөйтіп, облыс жастарының мәселесін бірге шешеміз деп ойлаймын.

 

Жастар ісі жөніндегі комитет өз жұмысын үстіміздегі жылдың қыркүйегінде бастады. Оның құрамына әзірге 16 адам кірген. Олар негізгі 7 бағыт – білім, спорт, еңбек сынды секторлар бойынша жұмыс атқармақ.

 

Данияр Әбутәліпов, «Нұр Отан» ХДП «Болашақ» филиалы төрағасының 1-ші орынбасары:

-Біз осы комитет арқылы белсенді, ең үздік оқитын жастарды іріктеп алып, оларды облыс, қала, университет деңгейінде жастар мәселесі бойынша жұмыстарға белсенді түрде тартамыз. Сонымен қатар, біз мемлекеттің “Жасыл ел”, “Дипломмен – ауылға” бағдарламаларының сәтті жүзеге асуын да қадағалайтын боламыз.

 

Осы сынды кездесу қараша айында өтеді деп жоспарлануда. Онда университет жастары мен колледж студентері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеяларын ортаға салады.

 

Берік Қасен