Қоғам

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына 1 жыл толды

 

Бүгін ұйымдастырылған флеш-мобқа ұлттық орталықтың арнайы курсын тыңдаушылар қатысты. Арасында Жадыра Әбішева да бар. Тәрбиеші Жамбыл ауданындағы Преснов ауылының “Айнагүл” балабақшасында қызмет етеді. Жадыра Әбішева екі апталық курсқа өзге мамандармен тәжірибе алмасу үшін келіпті.

«Өрлеу» орталығының қызметкерлері 1 жылдықтарын осылайша флеш-моб түрінде атап өтуді жөн көріпті. Бірінші қатарда тұрған орталықтың 29 педагогымен бірге, қала және аудандық мектептер мұғалімдері, студенттер де шарадан қалыс қалмады. Флеш-мобқа барлығы 200-ден астам солтүстікқазақстандық атсалысты.

Орталықта облыс ұстаздары Кембридж бағдарламасы бойынша үш деңгейлік курстарда білімдерін жетілдіреді. Бұл курстар өңір педагогтарына жас ұрпаққа заман талабына сай тәлім-тәрбие беруде үлкен көмек.

1 жылдың ішінде орталық 74 қысқа курстарды ұйымдастырып, 1819 солтүстікқазақстандық мұғалім біліктілігін арттырды.

 

Бану Ахметова