ТЖ

Биыл облыста 500-ден астам өрт болды

 

Өткен аптада тілсіз жау облыс орталығы мен 9 ауданда тіркелді. Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғынын өрт сөндірушілер құтқарған. Мас жігіт төсекте шылым шегіп жатқан жерінде қалғып кетсе керек. Жапа шеккен ер адам I-II дәрежедегі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өңірде суық түсісімен пештердің тұтануы жиілеген. Мәселен, Ақжар ауданындағы Ленинградское селосында үйлердің бірінде от пештен шыққан. Кейін пештің үйдің тұтанғыш бөліктерінен оқшауланбағаны белгілі болды. Ал, Петропавлда Омбы тас жолындағы кеңседе от электрлік құрылғыдан тұтанған. Ғимарат толығымен жанып кетті. Жылытқышты қызметкерлер жұмыстан кейін сөндірілмеген күйі қалдырған.

 

Данаш Хамзина