Ауыл шаруашылығы

Астықтың 10 пайызы әлі жиналған жоқ

 

 

Жиналған астық 4 млн. 700 мың тоннаны құрап отыр. Өңірде гектар берекелігі орташа алғанда 14,5 центнерден айналуда. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 центнерге жоғары. Облыста шығымдылығы жағынан ең жақсы нәтиже көрсеткен М. Жұмабаев ауданының диқандары. Олар бір гектардан 16,8 центнерден өнім жинауда. Одан сәл төмен көрсеткіш қызылжарлықтарда. Үздіктер қатарын Ғ.Мүсірепов ауданы тұйықтайды. Мұндағы өнімділік гектарына 16 центнерден.

Қазір майлы дақылдар да жиналып жатыр. Соғылғаны 44 пайызды құрайды. Сонымен қатар, келесі жылға да тұқым қоры толығымен әзірленді. Барлығы 510 тонна дән себілген.

 

Данаш Хамзина