Құқық қорғау органдары

Қылмыстық іздеу қызметіне – 95 жыл

 

Бұл азаматтар – өз елінің нағыз патриоттары. Қоғамда орын алған түрлі қылмыстарды ашу міндеті ең бірінші осы тәртіп сақшыларына жүктелген. Салтанатты жиын Қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ең алдымен мұндағыларды кәсіби мерекесімен облыстық ІІД басшысы Мұрат Ұрұмханов құттықтады.

Бүгінде өңірде 180 жедел уәкіл қызмет етеді. Жыл басынан олар 6 мыңнан астам қылмыстың бетін ашты. Оның ішінде 19-ы қарақшылық шабуыл, 128-і тонау және 38-і кісі өлтіру фактісі. Кәсіби мерекесінде тәртіп сақшыларының бірқатарының еңбегі ескеріліп, марапатталды. “ІІМ үздігі” 2 дәрежелі төс белгісі СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Асан Мейрамовтың кеудесіне тағылды.

Марапатқа ие болғандардың қатарында Айыртау аудандық криминалдық полиция бөлімінің басшысы Қабидулла Нұрахметовтың де есімі аталды. Ол Ішкі істер органда 11 жылдан бері еңбек етеді. Талай жылғы адал қызметі ескерілген басшы ІІМ алғыс хатын алды.

Ал, Айдос Нұрмұқанов ІІМ құрмет грамотасына ие болды. Осы күні 15 жылдық еңбегі ескерілген тәртіп сақшысы әріптестерін мерекемен құттықтады.

Кәсіби мерекелеріне орай жедел уәкілдер ақшалай сыйақыға да ие болды. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

 

Бану Ахметова