Бизнес және экономика

Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесіне – 15 жыл

 

 

Тұтынушыларға сапалы өнімнің жетуін қадағалу техникалық реттеу және метрологиялық комитет өкілдерінің басты міндеті. Соңғы 10 жылда жергілікті департамент қызметкерлері 3 мың 36 тексеріс жүргізген. 1 жарым мыңнан астам заң бұзушылық анықталыпты. Сөйтіп, кәсіпкерлерге 26 млн теңгенің айыппұлын салған.

 

Бүгін техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне 15 жыл толып отыр. Осы мерейтоймен ұжымды СҚО әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов құттықтады.

 

Қайрат Бекенов, СҚО әкімінің орынбасары:

– “Техникалық реттеу” туралы заң қабылданды. Алдағы уақытта заңнама жетілдіріледі. Өйткені бұл заман талабы. Өңірлер өз ұсыныстарын жолдайтын болады. Менің ойымша бұл департаментте өз ісінің білікті мамандары қызмет етеді.

 

Бұдан кейін осы салада еңбек етіп жүрген департаменттің бірқатар қызметкерлерінің еңбегі ескерілді. Олар ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі комитетінің атынан құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды. Еңбегінің жемісін көргендердің қатарында Вадим Маршаков та бар. Ол аталған департаментте бас маман болып 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

 

Вадим Маршаков, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Әрине өте қуанышты. Осындай күні еңбегімізді ескеріп құттықтап жатыр. Әлі де болса халықты сапалы азықпен қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етеміз.

 

Ел тәуелсіздігі жылдары кәсібін ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде үлесін қосып жүрген  кәсіпорындар иелері де марапатталды. Бұлар еш уақытта заңбұзушылыққа жол бермеген.

Бұл саланың жұмысын халыққа жеткізіп жүрген тілшілер қауымының да еңбегі ескерілді. МТРА арнасының тілшісі Ирина Панфилова алғыс хатқа ие болды.

 

 

Бану Ахметова