Білім

Оқушылар ұстаздарын кәсіби мерекемен құттықтады

 

 

Бүгін №14 орта мектептің мұғалімдер қауымы оқушыларынан ыстық құттықтаулар қабылдады. Балаларды білім нәрінен сусындатып, өмірде өз орнын табуға жол сілтейтін ұстаздардың адам өміріндегі орны бөлек.

Мерекелік жиынға еңбегінің зейнетін көріп жүрген қарт ұстаздар да келіпті. Ал, бұл өмірден өткен мұғалімдерді де қатарластары ұмытпайды екен. Галина Шнякина осы жерде 80-ші жылдары бастауыш сынып оқушыларына сабақ берген. Оны бүгін ұстаздар қауымы сағынышпен еске алды.

 

Любовь Виноградова, еңбек ардагері, №14 орта мектептің бұрынғы директоры:

– Мен бұл мектепте директор болған кезімде Галина Шнякина да жұмыс істеді. Өте жақсы, білікті ұстаздардың бірі болатын. Ол өзінің жан-жақтылығымен менің есімде қалды.

 

Ұлағатты ұстаз Галина Шнякинаның көзі тірі болмаса да оның ізін  талаған мектепте қызы Ольга Романова жалғап келеді. Ол мұнда оқушыларға музыка пәнінен сабақ береді екен. Мұғалім болуды бала кезінен армандаған ұстаз, осы оқу ордасында 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді.

 

Ольга Романова, №14 орта мектептің мұғалімі:

– Бала кезімде анама қатты қызығатынмын. Оның жұмыстан келгенін тағатсыздана күтіп, ертеңгі күнгі сабағына дайындалуына көмектесетінмін. Сөйтіп, менің бойымда анам сияқты мұғалім болсам деген арман оянды.

 

Бүгінде бұл аталған оқу ордасында 32 мұғалім еңбек етеді.

 

Бану Ахметова