Спорт

Өңір акробаттары республика чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

Нәтижесінде акробатикалық жолда секіруден Виталий Дель мен Мария Топорищева алтыннан алқа асынды. Батуттан секірген Вера Филатова екінші орынды еншіледі. Ал Олег Ремигайло мен Сергей Клюкин үздік үштікті тұйықтап облыс қоржынын 2 қола алқамен майлады. Командалық сайыста ерлер құрамы көш бастады. Барлығы да мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.

 

Жеңіс Ермұқанов