Ауыл шаруашылығы

Малға дәрі егілуде

 

 

Бүгін табындағы ірі қараның 15-іне екпе қойылды. Және құлағына мынандай жеке нөмір тағылды. Қала тұрғыны Елена Сахарованың сиыры 10 жаста, оған  да бүгін екпе жасалды. Елена Сахарова жұқпалы ауруларға қарсы екпені әрдайым алып тұрамыз дейді.

 

Елена Сахарова, қала тұрғыны:

– Төрт түлік малдарға екпе жасаған дұрыс. Өйткені, біздің тұтынатын сүт пен сүт тағамдары, ет сапалы болуы тиіс. Егер мал ауруға шалдықса, онда мұндай ірі қара адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

 

Жылына екі мәрте өткізілетін алдын алу жұмыстары бүгінге дейін 2 мыңға жуық ірі қараны қамтыды. Қазіргі уақытта өкпе аурулары мен сібір жарасына қарсы вакцинация жүргізілуде. Әзірге қауіп жоқ. Тексерілген малдан бруцеллез бен туберкулез, сібір жарасын жұқтырғаны анықталмады дейді мал дәрігерлері.

 

Назгүл Шангереева, Петропавл қалалық ветеринарлық станциясының мал дәрігері:

– Сібір жарасы өте жұқпалы ауру. Бұл жұмыстар малдардың сау болуы үшін.  Ауру әлі шыққан жоқ.Шықпай-ақ қойсын.

 

Күзгі екпе жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Онда ірі қарадан басқа, қой мен жылқыға да вакцинация жүргізіледі.

 

Бану Ахметова