Қоғам

Александр Мерк 65-ке келді

 

Осыдан 35 жыл бұрын бүгінгі мерейтой иесі Александр Мерк облыстағы механикалық техникумдағы қызмет жолын мұғалімдіктен бастаған. Содан бөлім меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және басшылық қызметіне дейін көтерілген. Аталған оқу ордасы 1998 жылы экономикалық-техникалық білім беру кешені деп өзгертілді. Оған политехникалық мектеп-лицей, гуманитарлық-техникалық колледж, бизнес және басқару институты, Түмен мемлекеттік университетінің өкілдігі кіреді. Білім ошағын сол уақыттан бері Александр Мерк басқарып келеді. Кешеннің құрылғанына да 25 жыл болып қалыпты. Осы уақыт аралығында экономикалық-техникалық білім беру кешенінде 35 мыңға тарта студент орта кәсіптік білім алып, маман атанды. Білім берудің үздігі Александр Мерк өңіріміздің дамуына өз үлесін қосып жүр. Сондықтан, бүгін мерейтой иесін құттықтауға келгендер оған ыстық лебіздерін білдірді. Халық қалаулыларының атынан құттықтау сөздерін облыстық масихаттың хатшысы Қайырлы Едіресов жолдады.

65 жасқа толған Александр Меркті Түмен мемлекеттік университетінің басшысы да құттықтады.

 

Клавдия Успанова, Петропавл қаласындағы Түмен мемлекеттік университеті өкілдігі басшысының орынбасары:

 

Мен бүгін Александр Мерктің 65 жасқа толуына орай Түмен мемлекеттік университетінің ректоры Валерий Фольковтың құттықтауын жолдаймын. Александр Мерктің өзіне келетін болсақ, ол саналы педагог, осы оқу орданың басшысы. Өте мейірімді жан.

 

Мерейтой иесінің осы уақыт аралығында жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Ол ҚР нақты ғылымдар академиясының академигі, Түмен мемлекеттік университетінің құрметті ғылым докторы, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, үш шақырылымда қалалық, облыстық мәслихаттардың депутаты болған.

 

Александр Мерк, Петропавл экономикалық-техникалық білім беру кешенінің президенті:

-Колледж қабырғасына келіп жұмыс істеп, осы оқу ордасына жетекшілік ете бастаған кезім әлі есімде. Ол уақытта маған үлкен жүк артылған еді. Осы оқу ордасын әрі қарай дамытып, сақтап қалу оңайға соққан жоқ. Дегенмен талай белесті бағындырып, бүгінде колледжіміз өсіп, гүлденіп келеді. Талай бала осы білім мекемесін тәмамдады. Және олар мені көрген сайын алғыстарын білдіріп тұрады.

 

Мерейтой иесін бүгін облысымыздың шығармашылық ұжымдары да құттықтады.

 

Бану Ахметова