Мәдениет

«Ел тірегі – тіл»

 

Екатерина Жукова 3 сыныптан қазақ тілін үйренуге ден қойған. Мектеп бітірісімен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға оқуға түсті. Мамандығы шет тілі мұғалімі. Қазір ол орыс, қазақ, ағылшын және неміс тілдерінде еркін сөйлей алады.

 

Екатерина Жукова, СҚМУ 2 курс студенті:

– Мемлекеттік тілді білу міндетіміз.

 

Қазіргі таңда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың  қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде 6 өзге ұлт өкілі оқиды. Олардың барлығы Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында өткен шараларға белсене қатысқан. Ал бүгінгі ұйымдастырылған «Ел тірегі – тіл» атты шараға барлық факультеттердің студенттері атсалысуда.

 

Татьяна Ахметова,М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі:

-Фестивальдың мақсаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Орыс тілінде оқитын студенттер арасында қазақ тілін насихаттау.

 

Шарада үздік студенттер мен оқытушылар Тілдерді дамыту басқармасы және “Нұр Отан” партиясының алғыс хаттарымен марапатталды. Кейін сахнада қазақ, орыс, корей тілдерінде әндер шырқалып, мың бұралған бишілер түрлі халықтардың биін биледі.

 

Мағжан Ахмадина