Орақ-2013

Ауыл шаруашылығы

15:38 25 Қыркүйек 2013

Облыстағы орташа гектар шығымдылығы 14,4 центнерден айналса, М.Жұмабаев ауданының агроқұрылымдары гектар басынан 16,5 центнерден өнім жинап жатыр. Қызылжар ауданында бұл көрсеткіш 16,1 центнер болса, Айыртау ауданында шығымдылық 15,7 центнерді құрады. Алайда, Тимирязев және Шал ақын аудандарында шығымдылық көрсеткіші өзгеріссіз – сәйкесінше 10 және 11,8 центнерден. Өңірдегі майлы дақылдарды ору жұмыстары да жалғасуда. Бүгінде 297 мың га алқаптар шабылса, 132 мың га аумақтағы өнім бастырылды. Майлы тұқымдастырдың орташа шығымдылығы 12,7 центнерді құрады. Қазіргі таңда әзірленген тұқым қоры 482,6 мың тоннаға жетті.