Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылар Евразиялық ойындарда тағы екі алтын медальға ие болды

Лада Фомина 2 шақырымға кедергілер арқылы жүгіруден алдына жан салмаған. Дәл осы қашықтықты бағындырудан Никита Головкин екінші орыннан көрінді. Жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тағы бір тәрбиеленушісі Максим Исаев ел құрамасының сапында 400 метрлік эстафетаға қатысып, үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұдан өзге жерлесіміз 100 метрлік эфтафетада 2-ші орынды, ал диск лақтыру мен 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола медальдарды еншіледі. Барлығы солтүстікқазақстандық спортшылар 3-ші Еуразиялық ойындарда 3 алтын медальды жеңіп алған. Естеріңізге салсақ, алғашқы алтынға әйелдер күресінен Александра Хожаева қол жеткізген болатын.