Ауыл шаруашылығы

Орақ науқаны аяқталуға жақын

Қыркүйектің 24-індегі ақпаратқа сәйкес, 2 жарым млн га аумақтағы өнім бастырылып, 3 млн 600 мың тонна өнім қамбаға түскен. Облыс бойынша орташа гектар берекелігі 14,3 центнерді құраған. Аталған көрсеткіш жөнінен М. Жұмабаев, Қызылжар және Айыртау аудандары көш бастап тұр. Ал Тимирязев және Шал ақын аудандарының шаруалары әлі де төмен өнім алуда. Дәнді дақылдармен қатар өңірде майлы тұқымдастарды жинау жалғасуда. Бүгінде аталған дақылдар себілген 285 мың га аумақ орылды. 116 мың тонна өнім жиналып, гектар шығымдылығы 12,9 центнерден айналуда. Қазіргі таңда 470 мың тонна келесі жылға тұқым әзірленді. Бұл жоспарланған жұмыстардың 93 пайызы.

 

Гүлмира Шоқтыбаева