Құқық қорғау органдары

Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Экс-шенеунік ресейлік эстрада жұлдыздары Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концертіне жалпы сомасы 416 мың теңге болатын 26 билетті пара ретінде алды деген күдікпен ұсталған болатын. Оның үстінен экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне продюсерлік орталықтың директоры шағым түсірген. Арызданушының сөзінше, басшы одан концертке кіретін билеттерді алдыңғы қатардағы орындардан беруді талап еткен көрінеді.

Петропавл қалалық соты лауазымды тұлға пара алғаны және заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін ҚР ҚК екі бабы бойынша айыпты деп тапты.

 

Самат Есмағи