Ауыл шаруашылығы

ЖСПД белсенділері ауылды дамыту мәселелерін талқылады

 

 

Ежелден теріскейдің жері егін-егіп, мал бағуға құнарлы, ылғалды, шөбі шүйгін мекен. Сол себепті бұрыннан Солтүстік Қазақстан өңірі егіншілік пен мал шаруашылығын дамытудан өзге өңірлерден көш ілгері тұрған. Бір сөзбен айтқанда, еңбек етемін деген адамға мұнда жағдай бар. Сондықтан ауыл әлеуетін арттыруға үлес қосар жастарды қолдау қажет деді жалпыұлттық социал-демократиялық партия президиумының мүшесі Балташ Тұрсымбаев.

 

Балташ Тұрсымбаев, “Жалпыұлттық социал-демократиялық партия” президиумының мүшесі:

-Білімді жастар тәрбиелеу керек. Диқаншыларды дайындауымыз керек. Халықты оқыту қажет.

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдерінің ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бағытындағы ұсыныстарын коммунистер қолдап отыр.

 

Валерий Ильин, Қазақстан Коммунистік партиясы обкомының хатшысы:

-Қазір көбіне жастар қалада тұрғанды қалайды. Ал шаһарларда жаңа келген мамандарға жұмыс бола бермейді. Сондықтан болар жұмыссыздар саны азаймай отыр. Сол себепті де сұранысқа ие мамандықтар тізгінін ұстар жандарды даярлауды қолға алу қажет.

 

Ауылдар жайын қозғаған партия мүшелеріне жиналғандар өз сауалдарын жолдады.

 

Мағжан Ахмадина