Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық диқандар 3,5 млн тонна астық бастырды

Егін шығымдылығы жөнінен аудандар арасында жұмабаевтықтар көш бастады. Мұнда ауыл еңбеккерлері гектарынан 15,9 центнер өнім алуда. Қызылжар ауданының агроқұрылымдары да қалыспай келеді. Астық берекелігі гектар басынан – 15,7 центнерден айналды. Айыртау ауданының да көрсеткіші осы маңайда.

Шал ақын және Тимирязев аудандарында егін шығымдылығы орта есеппен 11,7 және 10 центнер шамасында. Бұл екі аудан астық шығымдылығы бойынша соңғы орындарда келеді.

Ал майлы дақылдар 62,2 пайызға орылған. 93,8 мың гектар алқапта бастырылыпты. Орташа шығымдылық гектарынан 12,5 центнерді құрап отыр.

 

Мағжан Ахмадина