Қоғам

Құрбан айтында қазақстандықтар 1 күн демалады

Елімізде бұл күн мереке емес, демалыс күні ретінде қарастырылады. Ал егер сенбі не жексенбіге тура келсе, жұмыс күніне ауыстырылмайды. Құрбан шалу дәстүрі – Ибраһим пайғамбардан қалған сүннет. Ол хижра жыл санауы бойынша, он екінші айдың оныншы күніне тура келеді, яғни, Ораза айтынан кейін 70 күн өткенде тойланады.