Білім

Тілдер күніне арналған «Ән шашар» байқауы

 

Караоке-байқауы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де алғаш рет ұйымдастырылды. Сондықтан білім ошағында оқитын әр студент қазақша әндерді шырқауда өз бағын сынап көру мүмкіндігіне ие болды.

Ақпараттық жүйе мамандығын меңгеріп жатқан 1-курстың студенті Алмагүл Сасықбаева бала кезінен ән айтады. Ол бүгін “Сырласу”және “Аппақ қар” әндерін нақышына келтіріп орындады.

Жалпы, бұл байқау тілдер күні және “Қазақша сөйлесейік” республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған. Сондықтан сайысқа қатысушылар тек мемлекеттік тілдегі әндерді ғана орындады.

Бану Ахметова