Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс аграрийлері 3 млн тоннаға жуық астық бастырды

 

Қазіргі таңда облыс бойынша орташа шығымдылық 13,6 центнерге дейін өсті. Бұл 2012 жылғы гектар берекелігінен біршама жоғары. Бидайды құлатудан Қызылжар, Аққайың, Есіл аудандары алға шықты. Ал жоғары өнімділік Қызылжар ауданында тіркелді – мұнда гектар берекелігі 15,7 центнерден айналуда. Осы күнге дейін шаруалар 366 мың тонна тұқым әзірледі. Өңір агроқұрылымдары майлы дақылдар жинауды да қарқынды жүргізуде. Бүгінде 207,2 мың гектарға жуық аумақтағы өнім шабылып, 52,2 мың га алқаптағы дақылдар бастырылған. Майлы тұқымдастардың шығымдылығы орташа есеппен 11,8 центнерден айналуда.

 

Гүлмира Шоқтыбаева