Құқық қорғау органдары

Айыппұлын төлемегендер 3 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін

 

Жол қауіпсіздігі ережесін бұзған солтүстікқазақстандықтардың көбі әлі күнге дейін айыппұл төлемеген. Сол себепті, жол полицейлері сот орындаушылармен бірлесіп, рейдік іс-шара ұйымдастырды. Кейбіреуін жолда тоқтатып, енді бірінің үйіне барып, ескерту жұмыстарын жүргізді. Кей азаматтар айыпты өтеу мерзімін өткізіп алған. Ал, ЖПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы бұл жағдайда борышкер әкімшілік жазаға тартылады дейді.

 

Болат Жексембинов, СҚО ІІД ЖПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы:

-Құрметті жүргізушілер, егер де сіздер қарызыңызды қайтармаған болсаңыз, Ғ.Мүсірепов, 34 “Б” ЖПБ-на келуіңізді ескертемін. Өйткені, қарызын уақытылы төлемеген борышкер әкімшілік жазаға тартылып, 3 тәулік қамауға алынуы мүмкін.

 

Жыл басынан жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге 340 млн. теңгенің айыппұлы салынса, оның 240 миллионға жуығы өндіріліп алынды.

 

Берік Қасен, облыстық ІІД баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді