Ауыл шаруашылығы

Өңірде дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы 13,5 центнерден айналуда

 

Бидайды дестеге түсіруден әлі де Қызылжар ауданы көш бастап келеді. Онда алқаптардың 80 пайызындағы бидай құлатылған. Үздік үштіктің қатарынан Аққайың және Мамлют ауданының шаруалары көрінді. Облыс бойынша бидайдың орташа шығымдылығы 13,5 центрнерді құрады. Осы күнге дейін 345 мың тонна тұқым әзірленді, бұл жоспардың 67,7 пайызы. Өңір агроқұрылымдары майлы дақылдар жинауға да екпін берді. Бүгінде 191 мың гетарға жуық аумақтағы өнім шабылып, 42 мың га алқаптағы майлы тұқымдастар бастырылған. Гектар берекелігі 10,9 центнерден айналуда.