Ала жаздай төккен маңдай тердің нәтижесін бүгін Айыртау ауданындағы “Баянтай” ЖШС көріп жатыр. Қожалықтың 10 мың гектар аумағы бар. Серіктестік 9200 га жерге дәнді дақылдар ексе, 500 га алқапқа рапс отырғызыпты.
Жанат Тасығожин, «Баянтай» ЖШС бас агрономы:
– Биыл біздің шаруашылық жиын-терімді тамыздың 29-ы бастады. Бұл ауа райына байланысты. Қазіргі таңда егіннің 55 пайызын соғып, 65 пайызын құлаттық. Егіннің берекелілігі орташа есеппен 16,5 пайызды, ал майлы дақылдардың берекелілігі 20 пайызды құрап отыр. Техника жағы жаман емес 8 «Вектор» мен 1 «Акресс» комбайны бар. Сондай-ақ шаруашылықта жылқыны көбейтумен айналысымыз. Алдағы уақытта жоспарда төлдейтін ірі қара әкелсек деп отырмыз.
Шаруашылық 2,5 га жерін парға қалдырыпты. Мұнда 15 адам жұмыспен қамтылған. Ал “Кирилловка” ЖШС астықтың 75 пайызын құлатылыпты. Серіктестік жетекшісі Владимир Казаркин бұл салада 21 жыл қызмет атқарамын. Өз ісімнің маманымын деп отыр. Қожалықта 14000 га жер бар, онда дақылдардан бөлек шөптер де өсіріледі екен. Ал астықты жиғаннан соң мына сыйымдылығы 10 мың тоннаны құрайтын қырманға салады. Ол да шаруашылықтың иелігінде. Ал мұндағы астықтың берекелілігі гектарына 15 центнерден.
Владимир Казаркин, «Кирилловка» ЖШС директоры:
-Әрине егінді жиып теру күн райына байланысты. Астық жаман емес, техника жағы да, 8 «Джон дир», 8 «Вектор» бар. Арпа да жақсы шықты. Алдағы 10 – 15 күнде орақты тәмәмдаймыз. Қызметкерлердің жалақылары уақытылы төленіп тұрады. Ал жақында 100 бас төлдейтін сиыр әкелейін деп жатырмыз. Оларға арнап орын да жасап қойдық.
Сондай-ақ ЖШС директоры келесі жылы күнбағыс пен рапс отырғызуды жоспарлап отыр. Ал жалпы Айыртау ауданы бойынша 303 мың га жерге дәнді дақылдар егіліп, оның 64 пайызы жиылыпты.
Қанат Мұрзақұлов, Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жетекшісі:
– Осы күні біз егіннің 60-тан астам пайызын жидық. Астық берекелілігі 15, 2 центнерден. Майлы дақылдардың 50 пайызы жиылды. Гектарына берекелік 13 пайыздан болды. Картопты да жинап болдық, енді алда орамжапырақ қалды. Жалпы Айыртау ауданы бойынша 723 бірлік жоғары технологиялық техника бар. Олар толығымен орақ науқанында жұмыс жасады. Мал шаруашылығына келетін болсақ біздегі шаруашылықтар «Сыбаға» бағдарламасынан бөлек өздері 1800 бас ірі қара алған. Ал алдағы 15- 16 күнде орақты аяқтаймыз.
Айыртаудағы орақ жайы осылай. Диқандар әр күнді тиімді пайдаланып, тынымсыз еңбектенуде.
Материалды “Қазақстан-Петропавл” арнасының тілшілері әзірледі