Құқық қорғау органдары

Алаяқтар азық-түлік дүкендерін жағалап жүр

 

Дүкен сатушыларының санын соқтырып жүрген алаяқтың бұл бағыттағы тәжірибесі мол көрінеді. Өйткені ол дүкенге келгенде сатушыға қажетті тауарын айтып, керегін алып алған соң, сөредегі жоқ тауарды сұратады екен. Сөйтіп, сатушы қажетті затты алып келуге қоймаға кеткен уақытты пайдаланған алаяқ тез арада қашып кетіп отырған. Бұндай айласын пысықой тек қалада ғана емес, Қызылжар және Аққайың аудандарындағы дүкендерде де іске асырып үлгерген. Осылайша, соңғы кездері полицияға сатушылардың шағымдары жиілеген. Жапа шегушілердің берген ақпараты бойынша сезіктінің фотороботы жасалды. Күдікті облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын басы істі болған тұлға нашақорлардың тізіміне де алыныпты. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Тілеужан Ахаев, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы № 2 полиция бөлімінің тергеу бөлімінің бастығы:

-Петропавл қаласының аумағында бірнеше алаяқтық қылмыс жасалған.  Қазір олар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тексеріс жүргізілуде. Қылмыскер 1982 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны екені анықталды.

 

Облыс орталығының тұрғыны қазір іздеуде жүр.

 

Бану Ахметова