Бизнес және экономика

Қоғамдық бірлестіктер аккредитациядан өтті

 

 

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамытуға көптеген жағдайлар жасалған деді кездесуді ашқан СҚО әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов. Өңірімізде бизнесмендерді қолдау мақсатында қоғамдық бірлестіктер жүйесі дамуда. Ол кәсіпкерлік саласына бағытталған заң актілерін жетілдіруге септеседі. Осыған сәйкес, 2006 жылдан бері облыста жеке кәсіпкерлік және коммерциялық емес ұйымдар субъектілері аккредитациядан өтеді. Тіркеуден өту – кәсіпкерлер алдында жаңа міндеттер жүктеп, туындаған мәселелерін шешуге септеспек.

 

Ольга Цымбалюк, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы:

– Аккредитациядан өтіп, куәліктерге ие болған бірлестіктер 3 жыл қатарынан сараптамалық кеңес құрамында болып, нормативтік- құқықтық жобаларды зерттеуге септеседі. Биылдың өзінде кәсіпкерлер 58 жобаны қарады.

 

Осылайша, үстіміздегі жылы 4 жеке кәсіпкерлік субъектісі аккредидациядан өтіпті. Олар – СҚО сауда- өнеркәсіп палатасы, фармацевтикалық ұйымдар және құрылысшылар қауымдастығы. Тіркеу туралы куәлік алушылардың қатарында “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардің бірлестігі де бар.

 

Галина Семенова, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы:

-Облыстық деңгейде өткен шара алдымызда зор мүмкіндіктер ашып, жұмысымызды әрі қарай жетілдіруге септеседі. Жаңа жобаларды қолға алдық. Соны бірлесіп, облыстық деңгейде атқарамыз деген ойдамын.

 

Куәліктер 3 жылда бір рет беріледі. Облысымызда 30 қоғамдық бірлестік болса, қазіргі таңда олардың 14-і тіркеуден өткен.

 

Мағжан Ахмадина