Ауыл шаруашылығы

Облыста дәнді дақылдардың 65 пайызы орылды

 

Соғылғаны – 1 млн. 863,6 мың гектар. Орташа берекелік – гектарынан 13,5 центнерден шығуда. Өнімділік жағынан жақсы көрсеткіш – М.Жұмабаев, Айыртау және Қызылжар аудандарында –  шамамен 15,6 пайызды құрайды. Ал, ең төмен көрсеткіш -Тимирязев ауданында. Бұл ауданда шаруашылықтар гектар басына не бары 10 центнерден астық алған. Жалпы, орақ науқаны бойынша 3 аудан алда келе жатыр. Олар: Аққайың, Есіл және Қызылжар аудандары. Соңғысында жұмыстың 77 пайызы орындалған. Аграрийлер майлы дақылдарды да қызу жинап жатыр. Соңғы мәліметке сүйенсек, аталған дақылдың 171 мың 800 гектары шабылып, 34 мың 500 гектары соғылды. Орташа берекелік – 11,1 центнер. 20,6 мың гектар алқаптағы картоп, 4 мың гектар жердегі көкөніс қамбаға жеткізілді.

 

Данаш Хамзина