Спорт

Солтүстікқазақстандық биатлоншылар республикалық жарыста алты медаль иемденді

Атап айтсақ, спринттен қола медальді 21-ші қалалық мектептің 7-нші сынып оқушысы Мадина Сартаева мен 10-шы мектептің 9 жасар оқушысы Арина Чищенко жеңіп алды. Дәл осы кезең бойынша күміс алқа №8  мектеп оқушысы Диляра Дәулеткерееваның қанжығасына байланды. Сондай-ақ, Никита Янченко, Мадина Сартаева, Диляра Даулеткереева 2-орыннан көрінді. Оқушылардың барлығы Қазыбек Байболов атындағы қысқы спорт ойындарына мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт интернатында жаттыққан.

 

Берік Қасен