Құқық қорғау органдары

Петропавлда жаңа бағдаршамдар мен жол белгілері орнатылуда

 

 

Көлік қозғалысын жеңілдету үшін Бөкетов-Пушкин және Брусиловский-Әуезов көшелеріне бағдаршам орнатылды. Ал, Пушкин-Аяған Шәжімбаев жол айрықтарында енді ғана қойылуда. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер бұл жерге бағдаршамды орнату мәселесі баяғыда туындағанын айтуда.

Темір тұлпар көп қозғалатын жерде жол-көлік апаты жиі тіркеледі екен. Сондықтан бұндай орындарда тәртіп сақшылары кезекшілік етеді.

 

Жанат Жолаушин, Петропавл қалалық ІІБ жол полициясы бөлімінің аға инспекторы:

– Биылғы жылдың 8 айында қалада 143 жол-көлік апаты тіркелді. Онда 9 адам қаза тапты. Және 170-і түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол-көлік апатында қаза тапқандар санының 6 адамға артқандығын көрсетеді.

 

Түнгі уақытта жолдан өтіп бара жатқан адамды байқау қиынға соғады. Сондықтан да Брусиловский көшесіне диодты жарығы бар жаяу жүргіншіге арналған белгі қойылды. Бұл түнгі уақытта жарқырап көлік жүргізушісінің көзіне бірден түседі. Осындай белгі Интернационал көшесіндегі № 6 орта мектеп орналасқан жолға да қойылмақ. Және облыс орталығындағы қауіпті аумақ саналатын жолдарға да бағдаршам орнатылады.

 

Бану Ахметова, материал ІІБ баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.