Аптадағы маңызды жаңалықтар

Аграрлық несие корпорациясы СҚО аграрийлеріне 3 миллиард теңгеден астам несие берді

 

 

«Башлам-Терек» ЖШС биыл 1000 га жерге ырыс дәнін сіңіріпті. Негізінен элиталық  бидай және арпа өнімдері. Мұндағылар егіс науқанына айдың басында кіріскен, қазір дақылдың 50 пайызы жиналыпты. Егін шығымдылығы жақсы гетарынан 12 центнерден айналуда. Мұндағылар егер ауа райы жақсы болса, 10-12 күнде егінді жинап алуды жоспарлап отыр. Биыл серіктестік аграрлық несие корпоррациясынан 7-9 пайыздық орташа сыйақы мөлшерлемесімен 16 млн теңге несие алыпты. Ол орақ науқанына ерте бастан қамдануға септесті дейді «Башлам-Терек» ЖШС директоры Ахмед Цоев. Бұл қаржыға 3 трактор мен 40 мың тонна жанармай алған.

 

Ахмед Цоев, «Башлам- Терек» ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

-Шаруалар үшін ұсынып отырған несие шарттары тиімді. Көп күтудің қажеті жоқ. Алдағы уақытта мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отырмыз. Ұсынып отырған шарттар көңілімізден шықты.

 

Ағымдағы жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның СҚОФ-ы 3 млрд 243 млн теңгеге 319 шаруашылықты қаржыландырыпты. Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау.

 

Серік Ахметбеков, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚОФ директоры:

-7-9 пайызбен несие береміз. Ол қожалықтар үшін уақытылы егінді жинап алуға септеседі.

Жалпы еліміз бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие серіктестіктері жүйесі арқылы көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелеу аясында ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгенің 787 өтініші келіп түскен. Олардың 742-сі мақұлданған.

 

Мағжан Ахмадина