Билік

Мәслихаттардың депутаттары сайланады

 

28 тамызда депутаттарды ұсыну науқаны басталды. Бұл шара 26 қыркүйекке дейін жүзеге асырылмақ. Қазанның соңғы жекенбісінде өтетін науқанда 6 сайлау округінде жұмыс жүргізіледі.

 

Евгений Мамыкин, Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хатшысы:

-3 депутат Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына, 1 депутат Петропавл қалалық мәслихатына  және бірбірхалық қалаулысы Ақжар мен Тимирязев аудандық мәслихаттарына сайланады.

 

Саяси науқанда 127 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Дауыс берушілердің қатары 50 мың адамды құрайды. Олар өздері ұнатқан кандидаттарға дауыс береді. Үміткерлер қоғамдық бірлестіктердің атынан не өзін-өзі ұсыну құқығына ие.

 

Евгений Мамыкин, Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хатшысы:

-Депутаттыққа өзін Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған, бұрын сотталмаған азаматы ұсына алады.

Кандидаттарды тіркеу 1 қазанда аяқталады. Ал үгіт-насихат жұмыстары айдың 2-сі мен 25- і аралығында жүргізіледі. Жалпы өңірімізде 217 депутат бар. Ал түрлі себептермен орындарын босатқан депутаттардың орнына халық қалаулыларын сайлау қажет болған жағдайда жылына 2 рет өткізіледі.

 

Мағжан Ахмадина