ТЖ

Биыл өңірде бес жүзге жуық өрт тіркелді

 

Есіл ауданына қарасты Николаевка селосында белгісіз біреулер ауыл тұрғынының шөбіне қасақана өрт қойған. Жалынды түнгі самал көтеріп, қора түгел отқа оранды. Осылайша 3,5 мың тонна мал азығы жанып кетті. Тек бір аптаның ішінде ғана өңірде 30 тонна мал азығы күйген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жем-шөпті бір жерде сақтауға болмайды дейді. Олардың арасы кем дегенде 15 метрдей болуы керек. Сондай-ақ сабанды сарайдың төбесіне, электр сымы өтетін маңайға сақтауға, көшеде қалдыруға тыйым салынады. Тілсіз жау бас көтерген жағдайда уақыт өткізбей, бірден “101” немесе “112” телефондарына хабарласып, өртке қарсы қызмет өкілдерін шақыру керек.

 

Дана Ғизатова