Салық басқармасы

Жер және мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын

 

 

Облыс орталығы тұрғындарының құлағына алтын сырға. Жеке тұлғалар үшін ағымдағы жылдың жер және мүлік салығын төлеу мерзімі 2013 жылдың 1-ші қазанында аяқталмақ. Оны уақтылы өтемеген жағдайда әр күнге қосымша өсім  жүргізілетін болады.

 

Жібек Клюкова, Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы:

-Салық  төлеу  “Қазпошта” АҚ немесе екінші деңгейлі банктерде жүзеге асырылады. Салықты өз уақытында төлемеген жағдайда әр  өткізген күнге өсім қосылып отырады.

 

Жер және мүлік салығына қатысты белгіленген сомадан артық ақша шығарғыңыз келмесе ,тиісті қаржыны уақтылы өтеуге асығыңыз. Заңның ала жібін аттауға болмайды.

 

Жібек Клюкова, Петропавл қалалық салық басқармасының бас маманы:

-Көрсетілген салықтарды төлеу және есептеуге қатысты мәселелер туындаған жағдайда Мир көшесі, 85, 1-қабат мекен-жайы бойынша орналасқан Петропавл қалалық салық басқармасына жолығуыңыз қажет, телефондар 46-60-29, 46-60-75.

 

Салық төлеушілер үшін тағы бір жаңалық. Сіз салық департаментінің ғаламтордағы www.salyksko.kz сайтынан биылғы жылғы жер және мүлік салығына қатысты кез-келген ақпаратты алуыңызға болады. Ол үшін жеке сәйкестендіру номеріңізді немесе тегіңіз бен аты-жөніңізді енгізсеңіз жеткілікті.

 

Самат Есмағи