Ауыл шаруашылығы

Орақ науқанының барысы

 

 

Егін орудан Айыртау, Есіл, М.Жұмабаев және Қызылжар аудандарының шаруашылықтары алда келеді. Жанар-жағармай жеткілікті деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 4,4 млн. гектарға егілген болатын. Соның 3,6 млн. гектары – дәнді дақылдар. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы республика бойынша жиналатын астықтың 30 пайызын береді. Биылғы өнім көлемі 5 млн. тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр.

 

Данаш Хамзина