Спорт

Отбасы күніне арналған спорттық эстафета

 

 

Евгений Воробьев жұмыстағы қарбалас сәттерін уақытша ысырып қойып, 3-сыныпта оқитын баласы Александрмен иық тірестіріп, отбасылық сайысқа қатысуға келіпті. Олар бүгін жеңістен дәмелі. Айтуларынша, мұндай шара ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынасты жақсарта түспек.

 

Евгений Воробьев, “Чемпион” тобының мүшесі:

-Әсіресе, мектеп қабырғасында мұндай іс-шаралардың ұйымдастырылуы орынды. Өйткені, мен осы жерде баламның сыныптастарының ата-аналарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алдым. Баламның спортқа бейімінің барын байқадым. Шара өте қызықты өтуде.

 

Эстафетада 20 жанұя бағын сынауда. Әр топқа бірнеше кезеңнен тұратын бағдарламалар әзірленген.Сайысқа тек 3-ші сыныптың оқушылары мен ата- аналары қатысуда. Шара балалардың да көңілінен шығып жатыр.

 

Андрей Ковалев:

–  Біз топ болып бірігудің арқасында өзгелерін жеңіп жатырмыз. Маған спорттық ойындар ұнайды. Өйткені мен каратэмен шұғылданамын.

Алина Ветошкина:

– Мен сайысқа анаммен бірге келдім. Барлығы жақсы өтіп жатыр. Әсіресе, достарым бүгін ата-аналары келгеніне қуанышты.

Дмитрий Заика:

– Мен осы сайысқа әкеммен бірге келдім. Ұйымдастырушылар біз үшін қызықты бағдарламалар ұйымдастырыпты. Жарыс өте қызу тартыспен өтіп жатыр.

 

Баланы салауатты өмір салтын ұстануға баулуда әке мен ананың рөлі орасан зор. Бұл ұйымдастырушылардың пікірі. Дәстүрге айналған игі шара келесі жылы да әдеттегі сүрлеуден жаңылмайды, дейді олар.

 

Татьяна Вылегжанина, Мұрат Айтхожин атындағы №1 инновациялық ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі:

– Мектептегі іс-шарамызды қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтілетін отбасы күніне арнадық. Бүгінгі шағын мерекеміздің бағдарламасы түрлі сайыстарға толы болды. Эстафетада ата-аналар балаларының спорттағы қабілеттерін сараласа, сәйкесінше, оқушылар ата-аналарының жүгіріп-секіргендерін көріп, күлкіге қарық болды.

 

Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен марапаталды.

 

Берік Қасен