Спорт

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ақан Баймағамбетов

 

 

Ақан Баймағанбетов боз кілемде 55 келі салмақ дәрежесі бойынша 5 елдің палуанымен белдескен. Айтуынша, Армения мен Грузияның палуандарын жеңу оңай болмапты.

 

Ақан Баймағамбетов, грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері:

Талдықорған қаласында дайындалдық. Одан іріктеу кезеңінен өтіп, әлем чемпионатына жақсы дайындалдым. 1-ші кездесуде венгрмен күрестім, 2-ші айналымда ресейлік палуаннан ұтылып қалдым. Бірақ онымен финалда қайта белдесіп, келесі кезеңде румын, армянмен соңында грузинмен белдесіп, оны 3/1 есебімен жеңдім.

 

Грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатына 26 мемлекеттің спортшылары қатысыпты. Онда Ақан еліміздің намысын қорғады. Байрақты дода Болгарияның астанасы София қаласында тамыз айында ұйымдастырылған. Ақанға жеңіс оңайлықпен берілмеді дейді оның жаттықтырушысы Қонысбек Түкенов.

 

Қонысбек Түкенов, Ақан Баймағамбетовтың жаттықтырушысы:

1-ші дайындығымыз Белоруссияда болды. Онда 2 апта болдық. Одан келісімен Қазақстан чемпионаты болды. Онда Ақан 2-ші орын алды. 1-ші Астананың Ізбасқанов деген палуаны болды. Бірақ ол Азия чемпионатында 5-ші орын алып қалды. Одан бапкерлермен келісіп, Ақанды әлем чемпионатына апарамыз деп бірауыздан шешім шығардық.

 

Жерлесіміздің алдағы жоспары ауқымды. Қазір ол Ресейде қазан айының басында өтетін әлем чемпионатына әзірленіп жатыр.

 

Берік Қасен