Бескөл ауылдық округінің жаңа әкімі Нұрлан Телтаев өз жұмысына тамыздың 8-і кірісті. Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясын бітіріп, еңбек жолын 2000 жылы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметінен бастапты. Бұнда 5 жыл жұмыс істеген. Кейін 2005 жылы Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалыпты. Соңғы кездері Нұрлан Телтаев аталған аудан әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарған. Әкім бол-халқыңа жақын бол. Сайлауда ол халықтың 100 пайыз дауысын жинапты.
Нұрлан Телтаев, Бескөл ауылдық округінің әкімі:
-Бұған дейін атқарылып жатқан жұмыстар жалғасуда. Ауылды абаттандыру үшін қолда бар техниканы жұмылдырдық. Мұндағы кәсіпкерлер де қарап қалмады. Бізге көмектесіп жатыр. Және әр аптада сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда.
Жаңа әкім өз жұмысын ауылды абаттандырудан бастапты. Көшелер жөнделіп, айнала қоқыстан тазарған. Көгалдандыру жағы да ақсап қалмаған. Биыл 100-ге тарта көшет отырғызылыпты. Сонымен қатар Бескөл ауылында 120 баспана салынып жатыр. Ауылдық округ әкімі тұрғындардың өтініш-ұсыныстарына да құлақ асып тұрады.
Нұрлан Телтаев, Бескөл ауылдық округінің әкімі:
-Әкімдерге жүктелген міндет жеңіл емес. Дей тұрғанмен Бескөл ауылының гүлденіп, дамуына барымды саламын. Қазір жаңа оқу жылы басталғандықтан, ауылдағы көшелердің шеттерін жарықтандырып жатырмыз. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғаса бермек.
Бұл ауылда бүгінгі күні 9 мыңға тарта халық тұрады. Және әр 15 минут сайын қалаға автобус қатынайды. Жаңадан 2011 жылы 360 орындық балабақша ашылыпты. Биыл орталықта 3 балалар алаңқайы да салынған. Оған 3 млн теңге қаражат жұмсалыныпты. Сондай-ақ Қызылжар аудандық мешітінің жанынан “Халал” асханасы салынуда.
Нұрлан Телтаев келесі жылы мына жаяу жүргіншіге арналған жерді жөндеуді жоспарлап отыр. Және екі жақ шетіне видеобақылау орнатпақ. Және мұндағы екі саябақ қалыпқа келтірілмек.
– Менің бұл ауылда тұрып жатқаныма не бары 3 жыл болды. Соңғы жылдары Бескөл жаңа кейіпке енді.Үйлерге су кіргізіліп, жаңа баспаналар тұрғызылуда.
Бану Ахметова