Спорт

Солтүстікқазақстандық балуан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

 

Алғашқыда ол венгерлік қарсыласын жеңіп, соңғы жекпе-жекте Ресей спортшысына есесін жіберіп алған. Сөйтіп, Ақан ақтық сынға өте алмады. Дегенмен ол Румыния, Армения және Грузия елдерінің спортшыларынан басым түсіп, үздік үштікті тұйықтады. Ақанға жеңіс оңайлықпен берілмеді дейді оның жаттықтырушысы Қонысбек Түкенов. Дей тұрғанмен Қазақстан құрамасына енген спортшы жаттықтырушысының үмітін ақтады. Өйткені Ақан тек өңірдің ғана емес,еліміздің намысын әлем чемпионатында қорғады.

 

 

Бану Ахметова