Спорт

Облыс спортшылары биатлоннан өткен ел чемпионатынан қола жүлделермен оралды

 

Сайыскерлер спринт және жекелей сынды бағындыруға тырысты. Соңғысында үшінші орыннан жерлесіміз Марина Вострикова көрінді. Жасөспірімдер арасында күміс алқаға Инеш Жамұқова ие болды. Спринтте де өңір биатлоншылары – Инеш Жамұқова, Алтын Ағатова және Антон Жданов қола жүлдегер атанды. Доданың екінші кезеңі қыркүйек айының 22-сі мен 26- сы аралығында Алматы қаласында өтетін болады.

 

 

Мағжан Ахмадина