Қоғам

«Біз барлығымен бірдейміз» шарасы

 

 

Алма Қожабаева туа біткен сал ауруына шалдыққан. Тағдырдың қатал сынына мойынсұнбаған жас қыз биыл ЖОО бітіріпті. Екінші топтағы мүгедектің өздігінен қоғамдық орындарды аралауға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, бүгін ол «Біз барлығымен бірдейміз» акциясына қатысуға қуана келіскен. Мүмкіндігі шектеулі жан мұражайға жөндеуден кейін алғаш рет келіп отыр. Көп өзгеріс орын алған дейді ол.

 

Алма Қожабаева:

– Мен мұндай жөндеуден кейін алғаш рет келіп тұрмын. Барлығы қатты өзгерген. Біз табиғат залын аралап жүрміз. Маған қоршаған ортамен танысқан ұнайды. Өйткені, біздің сыртқа шығып тамашалауға мүмкіндігіміз жоқ. Мұндай көрмелердің ұйымдастырылуы өте жақсы.

 

Мүмкіндігі шектеулі жандар тарихи-өлкетану мұражайының барлық залдарын аралап шықты.

 

Ақжан Кәрім, “АРДОС-жүрек”мүгедектер бірлестігі” ЗТБ төрағасы:

-Осындай акциялар мүгедектердің үйде отыра бермей, адамдармен әңгімелесіп, араласуына қоғамдық орындарға барып дем алуына көмектеседі. Жалпы қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөлінуде, ол әрине қуантарлық жайт.

 

Жалпы аталмыш экскурсияға 15 мүгедек шақырылған екен. Олардың тек 5- уі ғана келе алды. Бұған дейін олар кинотеатрда болыпты. Кейін Петропавлдың көрікті жерлерін аралайды.

 

 

Мағжан Ахмадина